Біржолғы талондардың құны туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 тамыздағы № 9/4 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373-бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қаласының базарларында тауарларды өткізу құқығына біржолғы талондардың құны базарлардың қимасында белгіленсін (1 қосымша).
2. Өскемен қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны белгіленсін (2 қосымша).
3. Өскемен қалалық мәслихатының «Біржолғы талондардың құны туралы» 2008 жылғы 8 ақпандағы № 5/4 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-79 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 4 наурыздағы «Дидар» газетінде және 2008 жылғы 6 наурыздағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | В. Головатюк |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Е. Нәбиев |
Қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 12 тамыздағы
№ 9/4 шешіміне
1 қосымша
Өскемен қаласының базарларында тауар өткізуші азаматтарға
базарлардың қимасындағы біржолғы талондардың құны (әр
сатушыдан бір сауда күн үшін теңгемен)
| Базарлардың мамандандырылуы | Базарлардың атауы |
| «Центральный» «Заречный» «Орталық» «қайнар» «Алтай» «Шығыс таны» «Восток» «Дина» «Жәнібек» «Вальс цветов» | «LM» «Галит» «Заря» «Достық» «Весна» «ТД Гагарин бульвары 20» «Жәрдем» | «Красная калина» «Светофор» «Венера» «Экспресс» «Меновное» |
| | Бір күннің құны |
| Азық-түлік тауарлары | | | |
| Контейнерлерден саудалау: | | | |
| - 5 тоннаға дейін | 350 | 292 | 234 |
| - 5 тоннадан жоғары, 20 тоннаға дейінгі | 467 | 409 | 350 |
| - 20 тонналық контейнер | 666 | 526 | 467 |