Су сапасы
Нитратты анықтау
3-бөлім. Сульфосалицил қышқылын пайдалану арқылы жасалатын
спектрометриялық әдіс
ҚР СТ ИСО 7890-3-2006
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер мен анықтамалар
4 Әдістің маңыздылығы
5 Реактивтер
6 Жабдық
7 Сынамаларды сұрыптау
8 Анықтау әдістемесі
9 Өлшеу нәтижелерін өңдеу
10 Өлшеу нәтижелері туралы есеп беру
А қосымшасы Осы әдіске кедергі келтіретін заттардың ықпалы
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт сульфосалицил қышқылын пайдалану арқылы судағы нитратты анықтаудың спектрометриялық әдісін белгілейді.
Осы әдіс ағын су және ауыз суды талдау үшін жарамды.
Түзетумен
1.1 Анықтау ауқымы
Сынаманың ең үлкен көлемі 25 см3 болған кезде СN=0,2 мг/дм3 нитрапы азотты концентрациялау үшін. Осы шекті сынаманың көлемі өте аз болған жағдайда арпыруға болады.
Жоғарғы шекті сынаманың аз көлемдерін пайдалану арқылы немесе оны алдын-ала сүйылту арқылы арттыруға болады.
1.2 Әдістің сезгіштігі 1)
Әдістің сезгіштігі (табудың ең кіші шегі) халықаралық зертханааралық сынақтармен белгіленген 0,003-0,013 мг/дм нитратты азотын құрайды.
1.3 Әдісті пайдалану кезінде кедергі келтіретін заттар кінараттарының типтік шамалары.
Су сынамаларында бар кедергі келтіретін заттар қатарының кінаратты шамалары бойынша толық мәліметтер А қосымшасы А.1 кестесінде берілген.
Қатты боялған (жұсті) сынамалармен жұмыс жасау кезінде жарық сіңіруді тұзету жұмысын жұргізу керек (8.5 қараңыз).
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ГОСТ 1770-74 Өлшегіш зертханалық шыны ыдыс. Цилиндрлер, өлшектер, құтылар, сынауықтар. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттар.
ГОСТ 20903-75 Спектрофотометрлерге арналған үшбұрыш кварц кюветтері. Негізгі өлшемдері. Техникалық талаптар.
ГОСТ 24104-2001 Жалпы арнайы және үлгілік зертханалық таразылар. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 29228-91(ИСО 835-2-81) Зертханалық шыны ыдысы. Градуирленген тамшуырлар.2-бөлім. Күту уақыты белгіленбеген градуирленген тамшуырлар.
ГОСТ 29251-91(ИСО 385-1-84) Шыны ыдыс. Өлшеуірлер. 1-бөлім. Жалпы талаптар.
___________________________