2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 Қаулысы
(2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 мамырдағы
№ 361 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.22.12. № 1194 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған жоспар
| Р/с № | Техникалық регламент атауы | Мемлекеттік әзірлеуші орган | Ұсыну мерзімі | | |
| Техника- лық рет- теу сала- сындағы уәкілетті орган | ҚазақстанРеспубли-касының Үкіметі | | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | | |
| 2007 жылға | | |
| 1. | Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шыға- рылатын автомобиль техни- касының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар | ККМ (жинақ- тау), Қорша- ғанортамині,ІІМ | 2007 жылғы шілде | 2007 жылғы қыркүйек | | |
| 2. | Автомобиль жолдарын жоба- лау кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар | ККМ | 2007 жылғы қыркүйек | 2007 жылғы қараша | | |