2009 жылғы арналған облыстық бюджет туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешімі
(2009.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 75, 240 бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009.22.04. № 15/1 шешімімен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мына көлемдерде 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымша бойынша бекітілсін:
1) кірістер - 61 882 982 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 6 302 907 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 280 283 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 55 299 792 мың теңге;
2) шығындар - 62 042 265 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -34 000 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 339 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 373 000 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - -5 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 98 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім - 5 000 мың теңге;
5) бюджет профициті - -120 283 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - 120 283 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:
жеке табыс салығы;
жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланған үшін төлем;
қоршаған ортаны эмиссия үшін төлем.
Облыстық бюджетке жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативі белгіленсін - 100 пайыз, Петропавл қаласы және аудандар бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100 пайыз.
3. Облыстық бюджеттің кірісі мынандай салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:
облыс әкімдігінің меншігі болып табылатын коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен кірістер;