Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығы (2016.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 16 сентября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 5 мая 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы

(2016.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 469-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 мамырдағы № 1579 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 246-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 218 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 483-құжат).

3. Осы Жарлық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы қыркүйектін 16-і.

 

                             № 871

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2009 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 871 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

жылдық есепті жасау және ұсыну

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами