Мемлекеттік органдардың веб-сайттарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың веб-сайттарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 3 қазандағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың веб-сайттарына
орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы
электрондық ақпараттық ресурстардың
тізбесі*
| Р/с | Параметрі | Өлшемдері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Қазақстан Республикасы- ның мемлекеттік рәміздері | Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба |
| 2 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1. Почталық мекен-жайы 2. Электрондық почтаның мекен-жайы 3. Анықтамалық қызмет- тердің телефондары 4. Өкілеттіктерінің сипаттамасы 5. Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі 6. Мемлекеттік органның символикасы (олар бар болған кезде) 7. Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама |