Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2266 Қаулысы
(2010.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын (бұдан әрі Тәуелсіздіктің 20 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2266 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге
дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, төраға |
| Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
| Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, хатшы |
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
| Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
| Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы |
| Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
| Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
| Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
| Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
| Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
| Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі |
| Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
| Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі |
| Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
| Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
| Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
| | |
| Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
| Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
| Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
| Ахметов Серік Нығметұлы | - Қарағанды облысының әкімі |
| Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы | - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
| Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - Жамбыл облысының әкімі |
| Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Алматы қаласының әкімі |
| Кулагин Сергей Витальевич | - Қостанай облысының әкімі |
| Көшербаев Қырымбек Елеуұлы | - Маңғыстау облысының әкімі |
| Қуандықов Болатбек Баянұлы | - Қызылорда облысының әкімі |
| Мырзахметов Асқар Исабекұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі |
| Рысқалиев Бергей Сәулебайұлы | - Атырау облысының әкімі |
| Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы | - Ақтөбе облысының әкімі |
| Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
| Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Павлодар облысының әкімі |
| Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі |
| Үмбетов Серік Әбікенұлы | - Алматы облысының әкімі |
| Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Батыс Қазақстан облысының әкімі |
| Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша) |
| Мұхамеджанов Орал Байғонысұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы (келісім бойынша) |
| Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Дьяченко Сергей Александрович | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Нұртілеуов Мұрат Әбуғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы (келісім бойынша) |
| Бижанов Ақан Құсайынұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Жолдасбаева Нұрлығайым Шалданқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы (келісім бойынша) |
| Имашев Берік Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Бобров Владимир Яковлевич | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Жолшыбеков Әмзебек Рысбекұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы (келісім бойынша) |
| Мәдинов Ромин Ризаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Мұқашев Рахмет Желдібайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша) |
| Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Қанаев Серікжан Зиаданұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
| Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
| Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы (келісім бойынша) |
| Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары |
| Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы | - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша) |
| Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы | - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
| Күнбаев Мірболат Тоқмырзаұлы | - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
| Қалиев Ғани Әлімұлы | - Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы (келісім бойынша) |
| Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы | - «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша) |
| Соловьева Айгүл Сағадибекқызы | - «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
| Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы | - «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, |
| Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі, |
| Дьяченко Сергей Александрович | - Ақмола облысының әкімі, |
| Жылқышиев Болат Әбжапарұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аграрлық және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |
| Мәмбеталин Серікжан Есенқосұлы | - «Руханият» саяси партиясының төрағасы (келісім бойынша); |
ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2266 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге
дайындалу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары
| № | Іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көлемі, мың теңге | Қаржыландыру көзі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1. Ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар |
| 1. | Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу | Тұжырымдама жобасы | ММ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы мамыр | Талап етілмейді | - |
| 2. | Монеталар мен маркалардың эскиздерін әзірлеу | ҰБ Басқармасының, «Қазпочта» АҚ-ның қаулысы | ҚР Ұлттық Банкі (келісім бойынша), «Қазпочта» АҚ (келісім бойынша) | 2010 жылғы ақпан-сәуір | Талап етілмейді | - |
| 3. | Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын дайындау мен мерекелеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ММ | 2010 жылғы маусым | Талап етілмейді | - |
| 4. | Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөнінде тиісті өңірлік ұйымдастыру комитеттерін құру | Әкімдердің шешімдері | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы наурыз | Талап етілмейді | - |
| 5. | Мерекенің логотипін бекіту | Логотип | ПӘ (келісім бойынша) ММ | 2010 жылғы мамыр | 100,0 | Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде) |
| 6. | Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралардың жоспарын әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ММ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы қыркүйек | Талап етілмейді | |
| 7. | Астананы мерекелік безендіру тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу | Тұжырымдама жобасы | Астана қаласының әкімі | 2010 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
| 8. | Көрнекі насихат құралдарының эскиздерін әзірлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу және оларды өңірлерге жіберуді қамтамасыз ету (бірыңғай символика, билбордтар, баннерлер, ұран сөздер) | ММ-ның бұйрығы | ММ | 2010 жылғы 15 тамызға дейін | 200,0 | Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде) |
| 2. Ақпараттық-идеологиялық және имидждік жұмыс |
| 9. | Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде жүргізілетін ақпараттық-идеологиялық жұмыс тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу | Тұжырымдама жобасы | БАМ, БҒМ | 2010 жылғы мамыр | Талап етілмейді | - |
| 10. | Мемлекеттің имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды көздейтін орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-насихат тық жұмысының 2011 жылға арналған жоспарын әзірлеу | ММ бұйрығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ММ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы мамыр | Талап етілмейді | - |
| 11. | Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту | БАМ бұйрығы | БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
| 12. | Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына арналған деректі фильмдерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру | ММ-ға ақпарат | БАМ | 2010 жыл бойы | БАМ-нің 025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасының қаражаты шегінде | Республикалық бюджет |
| 13. | Отандық өндірушілердің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы символикасы бар өнімін шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру | Қазақстан Республикасы Президенті нің Әкімшілігіне ақпарат | ИЖТМ | 2010 жыл бойы | Талап етілмейді | - |
| 14. | Отандық өндірушілердің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы символикасы бар кітап өнімін шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БАМ, ММ | 2010 жыл бойы | Талап етілмейді | - |
| 15. | Жетекші шетелдік БАҚ-та имидждік материалдарды орналастыруды ұйымдастыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | СІМ, БАМ | 2010 жыл бойы | СІМ-нің 001 «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» бағдарла масының қаражаты шегінде | Республикалық бюджет |
ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен ескертпе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
«Қазпочта» АҚ - «Қазпочта» акционерлік қоғамы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары