Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір мамандандырылған соттарын құру және тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 Жарлығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 23 декабря 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 23 декабря 2009

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының кейбір мамандандырылған соттарын құру және тарату туралы

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3 тармағына, 6-бабының 1-тармағына,  10-бабының 1-тармағына, 31-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсын.

2. Алматы қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот және аудандық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот құрылсын.

3. Алматы қаласындағы облыстық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот таратылсын.

4. Кейбір аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының санының қысқаруына, Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық соттың таратылуына байланысты осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес осы соттардың судьялары жаңадан құрылатын мамандандырылған соттардың судьялары деп саналсын.

5. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың, мамандандырылған қаржылық соттың төрағалары мен судьяларының қалған бос орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан құрылатын соттардың қызметін қамтамасыз ету үшін 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша бюджеттік қаражат бөлу жөнінде шаралар қабылдансын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами