2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсан № 287-IV шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат ХІХ сессиясында ШЕШТІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 80 407 111 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 23 111 689 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 532 886 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 000 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 56 761 536 мың теңге;
2) шығындар - 75 076 291 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -675 556 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 300 444 мың теңге;
несиелерді өтеу - 976 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 5 242 620 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5 260 620 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 18 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 763 756 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 763 756 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет табыстары Бюджет кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінен жасақталатыны белгіленсін:
Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне есептелетін сомаданбасқа әлеуметтік және жеке табыс салығы;
қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін, жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем, жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем;
салықтық емес түсімдер: