Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Жауапты хатшысының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 01-01-07/92 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылғы 24 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Регламенті бекітілсін.
2. Вице-министрлер, құрылымдық бөлімшелердің басшылары осы бұйрықтың бұлжытпай орындалуына қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Жауапты хатшының 2009 жылғы 3 шілдедегі № 01-01-07/116 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Жауапты хатшысының 2009 жылғы 3 шілдедегі № 01-01-07/116 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Жауапты хатшының 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 01-01-07/10 бұйрығы.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
Жауапты хатшысының
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 01-01-07/92 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - министрлік) заңнамамен көзделген функцияларды орындау, туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі салааралық үйлестіру процесіндегі қызметінің жалпы ережелерін белгілейді.