Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2326 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2326 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
5. Нормативтік-құқықтық база
6. Бюджеттік бағдарламалар
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - МАМ) миссиясы - мәдениет және ақпарат саласында сапалы және қолайлы қызметтер көрсетуге, ұлттың тұрақты дамуын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуіне, мемлекеттілікті күшейту және азаматтардың бойында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді жүзеге асыру.