«Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің
2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 264 қаулысы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2011 жылғы 1 тамыздағы № 242 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілірдің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына (нормативтік құқықтарды актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3256 тіркелген және «Ақтөбе» «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № 83-83 (18.737-19.084) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге ұсынылып отырған коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
Қаулының кіріспесіндегі «мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 19 тамыздағы № 264
қаулысына қосымша
№ | Объектінің атауы | Балансұстаушы, мекен-жайы | Негізі | Ескерту |
Ақтөбе қ. |
1 | 1994 ж.ш., м/н Д 189 BN, «ВАЗ-21099» автокөлігі | «Жас туристер қалалық стансасы» МКҚК | Қалалық білім бөлімі бастығының 13.03.2006 ж. № 375-1 хаты | Жай-күйі қанағаттанар лықсыз |
2 | 1990 ж.ш., м/н Д 375 АР, «ВАЗ-2121» автокөлігі | «Облыстық санэпидемстансасы» ММ | Түгендеу жүргізу барысында анықталды | Жай-күйі қанағаттанар лықсыз |