Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 46 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығымен күші жойылды
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік етудің тиімділігін көтеру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-ші баптарын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4295 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2006 жылғы 27 маусымдағы № 37 бұйрығының;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2006 жылғы 27 маусымдағы № 37 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 38 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевқа жүктелсін.