Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджет туралы
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV Шешімі
(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2010.30.03. № 317/45-IV Шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 364/49-IV Шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 239 202 890,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 60 530 338,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 359 684,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 6 332 886,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 170 979 982,0 мың теңге;
2) шығындар - 248 644 857,4 мың теңге;
3) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 10 429 300,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 10 307 300 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 19 846 267,4) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) (-19 846 267,4) мың теңге;
6) қарыздар түсімі бойынша - 9 300 000 мың теңге;
7) Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 12 549 696,4 мың теңге;
2. «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу: