Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 228 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда, 30 маусымда және 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеге және «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің регламенті бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы № 248 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы В.К.Советскийге жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап кушіне енді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2009 жылғы 21 тамыздағы
№ 228 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент, Үкімет актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Министрлікке жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметін ұйымдастыру мен оның ішкі тәртібін айқындайды.
Регламенттің ережелері Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігіндегі Министрліктің қызметінде қолданылады.