2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының XХІ сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 262 шешімі
(2010.09.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының XXIII сессиясының 2010.09.04. № 294 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.27.05. № 301 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.09.09. № 321 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 117288122 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 27233294 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 612503 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 89442325 мың теңге;
2) шығындар - 117591891 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 444710 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 1030009 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 585299 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 558320 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 558320 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 716790 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті) - алу 1306799 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 1306799 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 1030009 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 440000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 716790 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.