Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.11.08 № 1211 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар
 даярлау жөнінде ұлттық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Ұлттық кеңес туралы ереже;

2) Ұлттық кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 11 тамыздағы

№ 1211 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және

кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі

ұлттық кеңес туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес қызметінің мақсаты республикалық деңгейде адами ресурстарды дамыту және кадрлар даярлау мен қайта даярлауда әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмысты үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами