Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2011 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/6 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/12 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2011 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың XXX сессиясының төрағасы | Е. Әбиев |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Едіресов |
Облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
ХХХ сессиясының № 30/6 шешіміне қосымша
Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2011 жылға арналған төлем мөлшерлері
1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
| р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары, (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт тотықтары | 10 | |
| 2. | Азот тотықтары | 10 | |
| 3. | Шаң және күл | 5 | |
| 4. | Қорғасын және оның қосындылары | 1993 | |
| 5. | Күкіртсутек | 62 | |
| 6. | Фенолдар | 166 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,16 | |
| 8. | Формальдегид | 166 | |
| 9. | Көміртегі тотықтары | 0,16 | |
| 10. | Метан | 0,01 | |
| 11. | Күйе | 12 | |
| 12. | Темір тотықтары | 15 | |
| 13. | Аммиак | 12 | |
| 14. | Алты валентті хром | 399 | |