Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандару (қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 181 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6113 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулыққа:
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Стресс-тестинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі қаржылық және өзге есептілігінің негізінде жүзеге асырылады.»;
22-тармақтың 1) тармақшасындағы «директорлар кеңесінің жанында» деген сөздер алып тасталсын;
25-тармақтың 9) тармақшасындағы «ай сайынғы есепті ұсыну» деген сөздер «тоқсан сайынғы, басқармаға - ай сайынғы есепті ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтағы «ішкі аудит қызметінің және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын: