«2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 38/1 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы кезекті XXXVII сессиясының № 37/2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-1-160 нөмірімен тіркелген, қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсан - 2011 жылғы 7 қаңтар аралығындағы № 56 арнайы шығарылымдағы және «Кызылорда таймс» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсан - 2011 жылғы 7 қаңтар аралығындағы нөмірсіз арнайы шығарылымдағы сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
1-тармақта:
1) тармақшадағы:
«12 978 986» деген сандар «17 487 479» деген сандармен ауыстырылсын;
«6 064 269» деген сандар «10 572 762» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«12 534 564» деген сандар «17 883 057» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«- 3 383» деген сандар «3 285» деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші абзацта «0» деген сан «6 668» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«447 805» деген сандар «-398 863» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«-447 805» деген сандар «398 863» деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші абзацта «0» деген сан «846 668» деген сандармен ауыстырылсын.
аталған шешімнің 5-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
3. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVIII сессиясының төрағасы | Қ. Сақтағанов |