Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
| Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары |
| Қабденов Мұрат Талапұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, хатшы |
| Мәми Қайрат Әбдіразақұлы | - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (келісім бойынша) |
| Әбіқаев Нұртай | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |