Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 16 наурыздағы № 80 Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 231 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Орман өрттері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7181206, индексі 1 өрт (орман), кезеңділігі он күндік) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Орман өрттері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7181206, индексі 1 өрт (орман), кезеңділігі он күндік) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Ағаш кесу, орманға күтім жасау шаралары, сүрек босату, шырын ағызу және жанама орман пайдалану бойынша есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7651210, индексі 3 (жылдық), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Ағаш кесу, орманға күтім жасау шаралары, сүрек босату, шырын ағызу және жанама орман пайдалану бойынша есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7651210, индексі 3 (жылдық), кезеңділігі жылына бір рет) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Кеспеағаштардағы сүрек қалдықтары және ағаш кесілген жерлерді тазарту туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7141202, индексі 4 ОШ (орман шаруашылығы), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;