Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның
құрамы
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
| Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Жақсыбаев Бақыт Қалмырзаұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы |
| Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Рау Альберт Павлович | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
| Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
| Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |