Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің
2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне олардың орындалуы жөнінде ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жыл сайын 20 шілдеге және 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 мамырдағы
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің
2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
| Атауы | - Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) |