«Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін осы қаулымен бекітілген Техникалық регламентке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 6 наурыздағы
№ 227 қаулысымен
бекітілген
«Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
1. Осы Техникалық регламент нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттардың, имараттардың (бұдан әрі - ғимарат (имарат) және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне, оларды жобалау, салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
1) ғимараттарды (имараттарды) жобалау (бұдан әрі - жоба) кезеңінде жасалатын, олардың нарықта өткізілетін жобалық-сметалық құжаттамасы;
2) ғимараттарды (имараттарды) салу, қайта жаңарту, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу үшін нарық субъектілері жүзеге асыратын технологиялық құрылыс процестері;
3) құрылыс кезеңі аяқталғаннан кейін нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар);