Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 171 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/294 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 171 қаулысымен
бекітілген
Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және тікелей су объектілерінде су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрі - су шаруашылығы құрылыстары) пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, суды бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды құрылған гидротехникалық құрылыстар мен құрылғылар;