«Қарағанды қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 612 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған І сессиясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 16 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы LIX сессиясының «Қарағанды қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 612 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-145, «Взгляд на события» газетінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 153 (905) жарияланған), келесі өзгертулер енгізілсін:
1) 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қаланың 2012 - 2014 жылдарға арналған, оның ішінде 2012 жылға арналған бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 34 619 506 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 18 975 157 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 82 407 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша - 1 271 335 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 14 290 607 мың теңге;
2) шығындар - 35 982 340 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 374 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 17 374 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо - 162 126 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - 1 542 334 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 542 334 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 1 517 374 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 850 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары - 874 960 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 1, 5 қосымшалары аталған шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.