Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі Қағидасын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57 Қаулысы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 104 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімі) 29-тарауының 1-параграфына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 Заңдарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкіміне сәйкес және облыстық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы бекітілсін.
2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктері Оңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органға аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі тоқсан сайынғы жиынтық есепті есеп берілетін мерзімнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың: