2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 158-17қ Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2012 жылы жұмыссыздар мен оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.
2. Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп, 2012 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар мен оқитын жастар үшін оқудан бос уақытта ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздар мен оқитын жастардың еңбекақы төлемі 2012 жылға қала бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан төмен емес еңбекақы мөлшерінде нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.