Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 436 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 2 сәуірдегі
№ 82 қаулысымен бекітілген
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданады:
1) тұтынушы - жеке тұлға;
2) жергілікті атқарушы орган - аудандық, облыстық маңызы бар (қалалық) білім бөлімдері;
3) жауапты уәкілетті органың - қызметтік нұсқаулық аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты қызметкеріне жүктелген;
4) уәклетті органның бастығы - аудандық, қалалық білім бөлімдерінің бастығы;
5) ХҚКО - халыққа қызмет көрсету орталығы.
6) ХҚКО инспекторы - тұтынушылардан құжаттарды қабылдайтын қызметкер; 7) ХҚКО жинақтау бөлімінің инспекторы - құжаттарды қабылдап және арнайы комиссияның жұмысшы органына тапсыратын қызметкер.
2. Жалпы ережелер
2. Осы мемлекеттік қызметтің регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабындағы 4-тармаққа сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінің 2-қосымшасына сәйкес уәкілетті органдар тарапынан және балама негізінде Регламентінің 1-қосымшасына сәйкес ХҚКО арқылы көрсетіледі (жұмыс кестесі стандартқа сәйкес 9 тармақ).
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.