Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы
Астана қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-ІІІ Шешімі
(2011.11.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы мәслихатының 2009.31.03. № 196/31-IV Шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, алдағы уақытта қала бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының бюджеті қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі бекітілсін.
| Астана қаласының мәслихаты Сессиясының төрағасы | Б. Смаилов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
Келісілді:
| Астана қаласыныңжұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры | А. Демеува |
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 26 мамырдағы
№ 143/18-III шешімімен
бекітілген
Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының
тізімі
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
2. Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар.