Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқығын реттеу туралы келісім (Мәскеу қ., 2000 жылы 15 ақпанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқығын реттеу туралы келісім (Мәскеу қ., 2000 жылы 15 ақпанда)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқығын реттеу туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2000 жылы 15 ақпанда)

 

Келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 226 Қаулысын  қараңыз

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

1992 жылы 9 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған Меншік қатынастарының құқықтарын өзара тану және реттеу туралы мемлекетаралық келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,

1993 жылғы 11 қыркүйекте Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының Көкшетау қаласындағы

кездесуінде қол жеткен уағдаластықтарды ескере отырып,

1993 жылғы 25-29 қазанда Құлсары қала үлгісіндегі кентте болған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өкілдері келіссөздерінің нәтижелерін назарға ала отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Тараптар осы Келісімге қосымшада көрсетілген 1993 жылғы 25-29 қазанда Құлсары қала үлгісіндегі кенттегі келіссөз қорытындылары бойынша қазақстан-ресей комиссиясы жүзеге асырған Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкін бөлуге өздерінің келісетіндіктерін білдіреді.

Осы Келісімге қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

 

2-бап

 

Тараптар бөлу кезінде өздеріне көшкен мүлікке меншік құқығын өзара растайды және мүлікті өндірістік бөлуге және көрсетілген мүлікті осы Келісімге қол қойғанға дейін пайдалануға байланысты бір-біріне талабы жоқтығын және талап қоймайтындығын атап көрсетеді.

 

3-бап

 

Осы Келісім қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

2000 жылғы 15 ақпанда  Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің күші бірдей.

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының

Үкіметі үшін

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Ресей Федерациясының Үкіметі

арасындағы Қазақстан Республикасының

аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть»

ресей мемлекеттік өндірістік

бірлестігінің мүлкіне қатысты

меншік құқығын реттеу туралы келісімге

қосымша

 

(01.01.93 ж. жағдай бойынша мың руб.)

 

 ________________________________________________________________________
 N Топтардың Барлығы Қазақстан Ресей
 атауы Республикасына Федерациясына
 берілгені берілгені 
 ________________________________________________________________________
 1 Ғимараттар мен 928665,1 880479,1 48186,0
    құрылыстар 
 2 Бұрғылау 454407,2 247711,1 206696,1
   қондырғылары 
 3 Машиналар мен 377040,5 220476,8 256563,7
   жабдықтар
 4 Автомобиль техникасы 55338,0 12803,0 42535,0
5 Трактор техникасы 554880,7 9596,0 45284,7
 6 Арнаулы техника 4512,5 4512,5 --
 7 Технологиялық 66201,3 34075,2 32126,1
   жабдықтар 
 8 Әлеуметтік-тұрмыстық 4016,9 1161,3 2855,6
   мақсаттағы мүліктер
 Жиыны: 1945062,2 1410815,0 534247,2

 

Айналым қаражаты тең бөлінеді 50-50 (әрбір атау бойынша заттай өлшеммен 1/1).

Қазақстан Республикасы берген мүліктің жалпы құны комиссия жұмысының күні беретін мүліктің құнынан және кесте бойынша берілген мүліктің құнынан жинақталады.

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!