«Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 1375 қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына (2011 жылғы 27 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 13-1-209, «Қызылжар нұры» газетінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1, «Проспект СК» газетінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында «Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері» жаңа редакцияда мазмұндалсын, қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті»
ММ Е. Сейдімбеков
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша
Салық департаменті»
ММ Қ. Жұлмұхамбетов
«Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Сот актілерін орындау
комитетінің Солтүстік Қазақстан
облысының сот актілерін орындау
департаменті»
ММ Р. Базылов
«Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі Білім және ғылым