Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) және атаулары мен мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 8) тармақшасына, 68 - 78-баптарына, «Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 95 қаулысына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында - www.ecokomitet.kz, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында орналастырылған стенділерінде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі І санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды қағаз тасығышта беру немесе қайта ресімдеу, кешенді экологиялық рұқсатты беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік І санатқа қызмет қызмет түрлері бойынша жатқызылатын объектілері бар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.