«Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1936 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына (2011 жылғы 27 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 13-1-209, 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Қызылжар нұры» газетінің № 1, 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Проспект СК» газетінің № 1 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымша «Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері» жаңа редакцияда мазмұндалсын, 1-қосымшаға сәйкес;
аталған қаулыға 2-қосымша «Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақы төлемінің мөлшері» жаңа редакцияда мазмұндалсын, 2-қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.