Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы (2018.02.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 29 января 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 января 2021

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы

(2018.02.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 60-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 498 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында» 2010 жылғы 7 шілдедегі № 10 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы осы бұйрықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Бұйрықтың орындалуын бақылау медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.

5. Бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

 

 

Министр

Ә. Жақсыбеков

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2018.02.02. № 52 бұйрығымен талаптар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2013 жылғы 29 қаңтардағы

№ 37 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери

құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын

 талаптар

 

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды (бұдан әрі - Талаптар) көздейді.

2. Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар осы Талаптардың 1-қосымшасында белгіленген және:

І баған бойынша:

әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезіндегі азаматтарға;

мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі азаматтарға;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі - ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;

республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлерге) (бұдан әрі - мектептер) түсетін азаматтарға және оның тәрбиеленушілеріне;

ІІ баған бойынша:

орта техникалық және кәсіби, жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (бұдан әрі - ӘОО) түсу кезіндегі азаматтарға (әскери қызметшілерге);

жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсу кезіндегі және онда оқитын азаматтарға;

қатардағы жауынгерлер, запастағы сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі азаматтарға, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, сондай-ақ әскери атағы жоқ, әйел жынысты адамдарға;

ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де әскери мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;

мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейінгі ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);

есепке алу мақсатында әскери жиынға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы сержанттар мен қатардағы жауынгерлерге;

ІІІ баған бойынша:

әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі запастағы офицерлерге;

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға түсу кезіндегі әскери қызметшілерге;

келісімшарт жасасқаннан кейінгі ӘОО-ның курсанттарына (кадеттеріне);

есепке алу мақсатында әскери жиындарға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы офицерлерге;

ІV баған бойынша:

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі - ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі - ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі - АрнМақБ) әскери қызмет өткеретін (қызмет үшін іріктеліп алынатын) әскери қызметшілерге (азаматтарға) - Талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабылдау бөлімшелері және барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына қойылады;

танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызмет өткеретін (әскери жиындардан өтетін) әскери қызметшілерге (азаматтарға) қойылады.

3. Бағандар бойынша әскери қызметке адамдар (әскери қызметшілер) денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарда әскери қызметке жарамдылықтың келесі санаттары көзделген:

А - әскери қызметке жарамды;

Б - әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;

В - әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдарына қатысты);

Г - әскери қызметке уақытша жарамсыз;

Д - әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

Е - әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз;

ЖЗ - жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, қызметке жарамсыз, ӘОО-ға (мектептерге) түсуге жарамсыз;

В-ДЕРБ - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады және Б немесе В жарамдылық санатын айқындайды;

ДЕРБ - жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады.

Г жарамдылық санаты келісімшарт бойынша әскери қызметке, ӘОО-ға және мектептерге түсуге жарамсыздық санатын, ал В, Д, және Е жарамдылық санаттары ӘОО-да және мектептерде оқуға жарамсыздықты айқындайды.

4. Б жарамдылық санаты кезінде азаматтардың (әскери қызметшілердің) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, ӘОО-на (мектептерге), кейбір әскери-есептік мамандықтар бойынша оқуға (қызметке), сондай-ақ радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының құрамдастарымен, электромагниттік өрістермен және лазерлік сәулелену көздерімен қызметке (жұмыс істеуге) жарамдылығы:

1) осы Талаптардың 2-қосымшасында белгіленген шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскер түрлері мен тектері бойынша әскери қызметке жарамдылық санаттары;

2) осы Талаптардың 3-қосымшасында белгіленген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-на түсуге азаматтардың (әскери қызметшілердің) жарамдылық санаттары;

3) осы Талаптардың 4-қосымшасында белгіленген кейбір әскери-есептік мамандықтар бойынша оқу (қызмет) үшін әскери қызметшілердің санаттары;

4) осы Талаптардың 5-қосымшасында белгіленген радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының құрамдастарымен, электромагниттік өрістермен және лазерлік сәулелену көздерімен қызмет (жұмыс істеу) үшін әскери қызметшілердің (азаматтық персонал адамдарының) жарамдылық санаттары бойынша айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының

Қарулы Күштерінде, басқа да

әскерлері мен әскери құралымдарында

қызмет ету үшін адамдар денсаулық

жағдайының сәйкес келуіне

қойылатын талаптарға

1-қосымша

 

 

Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке

денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын

талаптар

 

Бағандар

бойынша талаптар тармақтары

Аурулардың атаулары, АХЖ бойынша кодтары, бағандар бойынша талаптардың тармақшалары, функцияның бұзылу дәрежесі

Әскери қызметке жарамдылық санаты

I

баған

II

баған

III

баған

IV

баған

1.Инфекциялық және паразитарлық аурулар

1

Кейбір инфекциялық және паразитарлық аурулар (А00-А09, А20-А28, А30-А49, А90-А99, В00-В09, В25-В34, В50-В64, В65-В83, В85-В89, В99)

1) емделмейтін немесе қиын емделетін

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

2) жіті немесе созылмалы инфекциялық аурулар асқынғаннан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу

Г

Г

Г

Г

2

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі (А15, А16)

1) микобактерияларды бөлумен және (немесе) өкпе тіндері ыдырауының болуымен белсенді

Е

Е

Е

ЖЗ

2) микобактерияларды бөлусіз және өкпе тіндері ыдырауының болмауымен белсенді

Д

Д

Д

ЖЗ

3) клиникалық емделген

Д

Д

В

ЖЗ

4) емделген туберкулезден кейінгі аз қалдықты өзгерістер

Д

Д

Б

ЖЗ

5) емделуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу

-

Г

Г

Г

3

Басқа да мүшелер мен жүйелердің туберкулезі (А18, А19)

1) белсенді үдемелі

Е

Е

Е

ЖЗ

2) негізгі емделу курсы кезеңінде белсенді

Д

Д

Д

ЖЗ

3) клиникалық емделген

Д

Д

В

ЖЗ

4) 3-5 жылдан астам белсенділік белгілері болмаған кезде белсенді емес

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

5) емделуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу

-

Г

Г

Г

4

Алапес (А30)

Е

Е

Е

Е

5

Адамның иммундық тапшылығы вирусынан туындайтын ауру (В20-В24):

1) ЖИТС-пен ауыратындар

Е

Е

Д

ЖЗ

2) АИТВ жұқтырғандар

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

6

Мерез және басымы жыныс мүшелерімен берілетін басқа да инфекциялар (А50-А64, А65-А69, А70-А74):

1) кеш, туа біткен мерез

Е

Е

Д

ЖЗ

2) классикалық серологиялық реакциялардың баяу терістігі кезіндегі алғашқы, қайталанған және жасырын мерез

Д

Д

Б

ДЕРБ

3) алғашқы, қайталанған, жасырын мерез, гонококкокты және басымы жыныс мүшелерімен берілетін басқа да инфекциялар (жұмсақ шанкр, шап лимфогранулемасы, шап гранулемасы, гонококкты емес уретриттер)

Г

А

А

А

7

Микоздар (В35-В49):

1) актиномикоз, ішкі мүшелердің

кандидозы, кокцидиоидоз, гистоплазмоз, бластомикоз, споротрихоз, хромомикоз, феомикотикалық іріңдеу, мицетома

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

2) дерматофития

Г

Г

А

А

2.Жаңа өскіндер

8

Қатерлі ісіктер (C70-C72, C81-C96, D43, D47 басқа С00-С97, D00-D09, D37-D48)

1) операция жасау мүмкін болмаған және ұзақ мерзімді метастаздар болған кезде

Е

Е

Е

ЖЗ

2) алғашқы ісікті радикалды алып тастағаннан кейінгі жай-күй

Е

Е

Д

ЖЗ

3) хирургиялық емделуден, цитостатикалық немесе сәулелік терапиядан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Д

Д

Г

Г

9

Лимфоидті, қан түзетін және оларға жақын тіндердің қатерлі ісіктері (С81-С96, D47):

1) қан құрамында елеулі өзгерістермен және кезеңдік асқынумен тез үдемелі, сондай-ақ баяу үдемелі

Е

Е

Е

ЖЗ

2) қан түзу жүйесі функциясының орташа бұзылуымен және сирек асқынулармен баяу үдемелі

Е

Е

Д

ЖЗ

3) сәулелік немесе цитостатикалық терапия аяқталғаннан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу

Е

Е

Г

ЖЗ

10

Қатерсіз жаңа өскіндер (D32, D33 басқа D10-D36)

1) функцияның елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияның орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияның шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ДЕРБ

4) функцияның бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде

А

А

А

А

5) хирургиялық емделуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу

Г

Г

Г

Г

3.Қан, қан түзетін мүшелердің аурулары және иммундық

мехнизмді туындататын жекелеген бұзылулар

11

Қан және қан түзетін мүшелердің аурулары, иммундық тапшылықты жай-күй (D50-D89)

1) функциялардың елеулі бұзылуымен тез үдемелі

Е

Е

Е

ЖЗ

2) қан құрамының елеулі өзгерістерімен және жиі асқынулармен баяу үдемелі

Е

Е

Д

ЖЗ

3) қан түзетін жүйе функциясының орташа бұзылуымен және сирек асқынулармен баяу үдемелі

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) қанның жүйелі емес ауруларынан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

4.Эндокринді жүйенің аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы

12

Эутиреоидты зоб (E04):

1) жақын жатқан мүшелер функцияларының бұзылуын туындататын

Д

Д

Д

ЖЗ

2) әскери киім нысанын киюді қиындататын

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) әскери киім нысанын киюді қиындатпайтын

Б

Б

А

ДЕРБ

13

Эндокринді жүйенің басқа да аурулары, тамақтанудың және зат алмасудың бұзылуы (E00-E90):

1) функциялардың елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен, ІІІ дәрежелі семіздік

Д

Д

В

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен, ІІ дәрежелі семіздік

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу болған кезде жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емделуден кейінгі жай-күй

Г

Г

Г

ЖЗ

5) функцияның бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде, І дәрежелі семіздік

Б

Б

Б

ДЕРБ

5.Психикалық бұзылу

14

Органикалық психикалық бұзылу (F00-F09):

1) кенеттен айқын көрінген тұрақты психикалық бұзылу кезінде

Е

Е

Е

ЖЗ

2) орташа айқын көрінген психикалық бұзылу кезінде

Д

Д

Д

ЖЗ

3) жеңіл қысқа мерзімді ауырсыну белгілері кезінде

Г

Г

Г

ЖЗ

4) жеңіл психикалық бұзылуға шалдығудың тұрақты компенсациясы кезінде не сауығумен аяқталған психикалық бұзылу

Б

Б

Б

ЖЗ

15

Эндогенді психоздар: шизофрения, шизотиптік бұзылулар, созылмалы сандырақтық бұзылулар және аффективті психоздар (F20-F29, F30-F39)

Е

Е

Е

ЖЗ

16

Экзогенді этиологияның симптомдық және басқа да психикалық бұзылулары (F00-F09):

1) кенеттен айқын көрінген тұрақты ауырсыну белгілері кезінде

Е

Е

Е

ЖЗ

2) орташа айқын көрінген ұзақ немесе қайталанатын ауырсыну белгілері кезінде

Д

Д

Д

ЖЗ

3) орташа немесе шамалы айқын көрінген, ұзаққа созылған астениялық жай-күй кезінде

Г

Г

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) сауығумен аяқталған жеңіл

және қысқа мерзімді астениялық жай-күй кезінде

Б

Б

Б

ДЕРБ

17

Күйзеліспен байланысты невротикалық және самотоформды бұзылулар, физиологиялық бұзылулармен және физикалық факторлармен байланысты мінез-құлықтық синдромдар (F40-F48, F50-F59, F95)

1) кенеттен айқын көрінген, тұрақты ауырсыну белгілері кезінде

Д

Д

Д

ЖЗ

2) орташа айқын көрінген, ұзақ немесе қайталанған ауырсыну белгілері кезінде

Д

Д

В

ЖЗ

3) орташа айқын көрінген, қысқа мерзімді ауырсыну белгілері кезінде

Д

Д

В-ДЕРБ

ДЕРБ

4) сауығумен аяқталған жеңіл және қысқа мерзімді ауырсыну белгілері кезінде

Б

Б

А

А

18

Жеке тұлғаның және мінез-құлықтың бұзылуы (F95, F98.0, F98.5 басқа, F60-F69, F90-F98)

1) қайталанатын ұзақ декомпенсацияға немесе патологиялық реакцияларға бейім айқын көрінген бұзылумен

Е

Е

Е

ЖЗ

2) тұрақсыз компенсациямен орташа бұзылумен

Д

Д

Д

ЖЗ

3) тұрақты компенсациямен мінез-құлықтың және эмоцияның бұзылуы

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

19

Психикалық белсенді заттарды қабылдау салдарынан болған психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары (F10-F19)

1) айқын көрінген, тұрақты психикалық бұзылумен тәуелділік синдромы кезінде

Е

Е

Д

ЖЗ

2) орташа немесе шамалы психикалық бұзылумен тәуелділік синдромы кезінде

Д

Д

В

ЖЗ

3) маскүнемдіктің алғашқы белгілері кезінде

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

20

Ақыл-ой кемістігі (F70-F79):

1) айқын көрінудің терең, ауыр және орташа дәрежесінде

Е

Е

Е

ЖЗ

2) айқын көрінудің жеңіл дәрежесінде

Д

Д

Д

ЖЗ

6.Нерв жүйесінің аурулары

21

Кездейсоқ және ұстамалы бұзылулар (G45,G46 басқа G40-G47):

1) жиі байқалған жағдайда

Е

Е

Е

ЖЗ

2) кей-кейде және сирек байқалған жағдайда

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) электроэнцефалография нәтижесі бойынша анықталған, клиникалық белгілерсіз эпилектикалық ұстамасы белсенді болғанда

Б

Б

Б

ЖЗ

22

ОНЖ-ның қабынушы, миелинді өзгертуші аурулары және олардың зардаптары (А17, А80-А89, G00-G09, G35-G37):

1) функциялардың елеулі бұзылуымен немесе тез үдемелі өтетін

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде

Б

Б

Б

ДЕРБ

23

Орталық нерв жүйесінің органикалық, тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары және нерв-бұлшықет науқастанулары (G10-G13, G20-G26, G30-G32, G70-G73, G80-G83, G90-G99, C70-C72, D32, D33, Q00-Q07)

1) функциялардың елеулі бұзылуымен немесе тез үдемелі өтетін

Е

Е

Е

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен немесе баяу үдемелі өтетін

Д

Д

В

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде

Б

Б

Б

ДЕРБ

24

Бас, жұлын миы қан тамырларының науқастанулары (G45, G46, I60-I69, R55)

1) функциялардың елеулі бұзылуымен

Е

Е

Е

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен; ми қан айналымының жиі өтпелі бұзылуы

Е

Е

Д

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен; ми қан айналымының сирек өтпелі бұзылуы; орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану белгілерінсіз жиі талмалар болған кезде

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) орталық нерв жүйесінің органикалық зақымданусыз объективті белгілері болған кезде

Б

Б

Б

ЖЗ

25

Сыртқы факторлар әсерінен бас, жұлын миының және орталық жүйке жүйесінің зақымдануларының салдарлары (Т90, Т91.3, Т98.1)

1) функциялардың елеулі бұзылуымен

Е

Е

Е

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде

Б

Б

Б

ДЕРБ

26

Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (G50-G59, G60-G64)

1) функциялардың елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциялардың бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

27

Перифериялық нерв жарақаттарының салдары (Т90.3, Т92.4, Т93.4)

1) функциялардың елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функциялардың орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функциялардың шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде

Б

Б

А

ДЕРБ

28

Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, жарақаттардан немесе хирургиялық емдегеннен кейін орталық немесе перифериялық нерв жүйесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

7.Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары

29

Қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының және конъюнктивалардың аурулары және жарақаттанулар мен күйіктердің салдарлары (Н00-Н06, Н10-Н13, Q10, Т90.4)

1) екі көзде көру немесе қозғалыс функцияларының елеулі бұзылуымен қабақтың, көз ұясының немесе конъюнктиваның айқын көрінген анатомиялық өзгерістері немесе орналасу кемістіктері

Е

Е

Д

ЖЗ

2) бір көзде сол сияқты немесе екі көзде орташа айқын көрінген; бір немесе екі көзде кенеттен көрінген қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының, конъюнктиваның науқастанулары

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) қабақтың, көз ұясының немесе коньюнктиваның шамалы айқын көрінген анатомиялық өзгерістері немесе орналасу кемістіктері; бір немесе екі көзде қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының, конъюнктиваның орташа немесе шамалы айқын көрінген науқастанулары

Б

Б

А

А

30

Склераның, қасаң қабықтың, шатыраш қабығының, цилиарлы дененің, көз бұршағының, көздің қан тамырлы қабығының, торқабықтың, шыны тәрізді дененің, көз алмасының, көру нервінің аурулары және жарақаттанулар мен күюлердің салдарлары: (Н15-Н22, Н25-Н28, Н30-Н36, Н43-Н45, Н46-Н48, Q11-Q14)

1) екі көздің де көру қызметінің қатты үдемелі төмендеуімен немесе жиі асқынуымен айқын көрінген

Е

Е

Д

ЖЗ

2) дәл осы бір көзде немесе екі көзде орташа білінгенде

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) бір көзде сирек асқынумен, бәсең орташа білінгенде

Б

Б

Б

ДЕРБ

31

Көздің тор қабығының қыртыстануы және жарылулары (Н33):

1) екі көзде де жарақаттық емес этиологияда

Е

Е

Е

Н

2) екі көзде жарақаттан кейінгі этиологияда

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) бір көздегі кез-келген этиологияда

Д

Д

Б

ЖЗ

32

Глаукома (Н40-Н42, Q15.0)

1) екі көзде жетілген және одан кейінгі сатыларда

Е

Е

Д

ЖЗ

2) дәл осы бір көзде

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) бастапқы сатыда, бір немесе екі көздің преглаукома сатысында

Д

Д

Б

ЖЗ

33

Көз бұлшық еттерінің аурулары, көздің серіктес қозғалысының бұзылуы (Н49-Н51):

1) қосарланып көрінетін жағдайдағы көз алмасының қозғаушы бұлшық еттеріндегі тұрақты сал

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

2) қосарланып көріну жоқта дәл осы; бинокулярлық көру қабілеті болмағанда үйлескен қылилық

Б

Б

Б

ДЕРБ

34

Рефракция және аккомодациның бұзылуы (Н52)

1) меридиандардың бірінде кез келген көздің алыстан нашар көргіштігі немесе алыстан көргішітігі 12,0 аса дптр немесе екі меридианда 6.0 дптр-дан аса рефракция айырмашылығымен кез келген көзде кез келген түрдегі астигматизм

Е

Е

Д

ЖЗ

2) меридиандардың бірінде кез келген көздің алыстан нашар көргіштігі немесе алыстан көргішітігі 8.0 дптр-дан аса және 12,0 дптр-ға дейін немесе екі басты меридианда 4,0 дптр-дан 6.0 дптр-ға дейін рефракция айырмашылығымен кез келген көзде кез келген түрдегі астигматизм

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) меридиандардың бірінде 6.0 дптр-дан аса және 8.0 дптр-ға дейін кез келген көздің алыстан нашар көруі

Д

Д

Б

ЖЗ

4) меридиандардың бірінде 3.0 дптр-ден аса және 6.0 дптр-ға дейін кез келген көздің алыстан нашар көруі, меридиандардың бірінде 4.0 дптр-дан аса және 8.0 дптр-ға дейін кез келген көздің немесе алысты көргішітігі немесе екі басты меридианда 2.0 дптр-дан аса және 4.0 дптр-ға дейін рефракция айырмашылығымен кез келген көзде кез келген түрдегі астигматизм

Б

Б

Б

ДЕРБ

35

Соқырлық, нашар көру, түсті көру кемістігі (Н54, Н53.5)

1) бір көздің көру өткірлігі 0,09 және одан төмен немесе екінші көздің көру өткірлігі 0,3 және одан төмен болған кездегі соқырлық, сондай-ақ екінші көздің көру өткірлігі 0,3 және одан төмен болған кезде көз алмасының болмауы немесе екі көздің көру өткірлігі 0,2 және одан төмен

Е

Е

Е

ЖЗ

2) бір көздің көру өткірлігі 0,09 және одан төмен немесе екінші көздің көру өткірлігі 0,3 жоғары болған кездегі соқырлық, сондай-ақ екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен жоғары болған кезде көз алмасының болмауы немесе екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен 0,1-ге дейін болған кезде бір көздің көру өткірлігі 0,3

Д

Д

В

ЖЗ

3) екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен 0,1-ге дейін болған кезде бірінші көздің көру өткірлігі 0,4

Д

Д

Б

ЖЗ

4) дихромазия, ІІІ-ІІ сатылы түсәлсіздігі

Б

Б

А

ДЕРБ

36

Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, жарақаттан немесе хирургиялық емдеуден кейінгі көру мүшесінің қызметтік тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

8.Құлақ пен емізік өскінінің аурулары

37

Сыртқы құлақ аурулары: сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасы, созылмалы диффузды сыртқы отит, есту жолының экзостоздары, сыртқы есту жолының жүре пайда болған тарылулары (Н60-Н62)

Б

Б

Б

ДЕРБ

38

Ортаңғы құлақтың және емізік өскінінің аурулары (Н65-Н75)

1) дабыл қуысында полиптер, грануляциялар, сүйек жегісі қоса болатын және (немесе) мұрын маңындағы қуыстардың созылмалы науқастануларымен үйлесетін созылмалы орта отит

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

2) дабыл қуысындағы полиптер, грануляциялар, сүйек жегісі қоса болмайтын және (немесе) мұрын маңындағы қуыстардың созылмалы науқастануларымен үйлеспейтін созылмалы орта отит

Д

Д

Б

ЖЗ

3) орта отитке шалдыққаннан кейінгі қалдықты құбылыстар, құлақ барофункциясының тұрақты бұзылуы бар аурулар

Б

Б

А

ДЕРБ

39

Вестибулярлық қызметтің бұзылулары (Н81)

1) тұрақты елеулі байқалатын вестибулярлық бұзылулар

Е

Е

Д

ЖЗ

2) тұрақсыз орташа байқалатын вестибулярлық бұзылулар

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) вестибулярлық тітіркенулерге тұрақты және шамалы байқалатын сезімталдық

Б

Б

А

ЖЗ

40

Кереңдік, керең-мылқаулық, естудің төмендеуі (Н80, Н90, Н91, Н93, Н94)

1) екі құлақтың кереңдігі немесе керең-мылқаулық

Е

Е

Е

ЖЗ

2) бір құлаққа сыбырлап сөйлеуді қабылдамаған кезде және екінші құлаққа 3 метрге дейінгі ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі немесе бір құлаққа 1 метрге дейінгі ара қашықтықта және екінші құлаққа 2 метрге дейінгі ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) бір құлаққа сыбырлап сөйлеуді қабылдамаған кезде және екінші құлаққа 3 метрден астам ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі немесе бір құлаққа 2 метрге дейінгі ара қашықтықта және екінші құлаққа 3 метрге дейінгі ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі

Д

Д

Б

ДЕРБ

41

Қатты науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, құлақтың және емізік тәрізді өскінінің жарақатынан немесе хирургиялық емдеуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар

Г

Г

Г

Г

9.Қан айналымы жүйесінің аурулары

42

Жүректің созылмалы ревматиттік, ревматиттік емес аурулары, кардиомиопатия, жүректің дегенеративті және дистрофиялы зақымданулары (I00-I09, I34-I52)

1) ауыртпалығы жоғары сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі

Е

Е

Е

ЖЗ

2) ауыртпалығы орта сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі

Д

Д

Д

ЖЗ

3) ауыртпалығы төмен сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы

Б

Б

Б

ДЕРБ

43

Артериялық гипертензия (I10-I15):

1) «нысана-мүшелер» фунцияларының айқын бұзылуымен, жылдам үдейтін түрі

Е

Е

Е

ЖЗ

2) «нысана-мүшелер» функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

3) «нысана-мүшелер» функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде «нысана-мүшелер» функцияларының бұзылуынсыз

Д

Д

Б

ДЕРБ

44

Жүректің ишемиялық ауруы (I20-I25)

1) функциясының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Е

ЖЗ

2) функциясының орташа бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

3) функциясының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

45

Аортаның, магистральды және перифериялық артериялардың, көктамырлардың, лимфа қан тамырларының аурулары мен зақымдану салдары ( I84 басқа, I70-I79, I80-I89)

1) қан айналымының және функциясының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) қан айналымының және функциясының орташа бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

3) қан айналымының және функциясының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде қан айналымының және функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

46

Геморрой (I84)

1) IV саты;

Д

Д

В

ЖЗ

2) III саты; жиі асқынулармен не қайталанған қаназдықпен II саты;

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) асқынусыз II саты

Д

Д

Б

ДЕРБ

4) I саты

Б

Б

А

А

47

Жүректің және жүрек-тамыр жүйесінің соматоформдық вегетативті дисфункциясы (I99)

1) тұрақты елеулі айқын көрінген вегетативті-қантамырлы бұзылулар кезінде

Д

Д

В

ЖЗ

2) тұрақты орташа айқын көрінген бұзылулар кезінде

Б

Б

А

ДЕРБ

48

Жіті науқастануға шалдыққаннан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, жарақаттанудан немесе хирургиялық емдегеннен кейін қан айналымы жүйесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулары

Г

Г

Г

Г

10.Тыныс алу мүшелерінің аурулары

49

Мұрын қуысы, мұрын маңындағы қуыстардың, жұтқыншақтың аурулары (J30-J35)

1) елеулі айқын көрінген сасық тұмау (озена)

Д

Д

В

ЖЗ

2) мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауы қоса болатын полипозды синуситтер, жиі асқынулармен іріңді синуситтер

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауынсыз полипозды синуситтер, сирек асқынулармен іріңді синуситтер

Б

Б

Б

ДЕРБ

4) мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауымен және (немесе) мұрын маңындағы қуыстар барофункциясының тұрақты бұзылуымен мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ аурулары

Б

Б

Б

ЖЗ

5) созылмалы қалпына келтірілмейтін тонзиллит; созылмалы атрофиялы, гипертрофиялы, гранулезді фарингит (назофарингит)

Б

Б

Б

ЖЗ

50

Көмейдің, кеңірдектің мойын бөлігінің аурулары мен зақымданулары (J37-J38, Q31, Q32.0, Q32.1)

1) тыныс алу және (немесе) дауыс қызметінің елеулі көрінген бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) тыныс алу және (немесе) дауыс қызметінің орташа көрінген бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) тыныс алу және (немесе) дауыс қызметінің шамалы көрінген бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

51

Өкпенің, плевраның өзіне тән емес созылмалы аурулары, туберкулез емес этиологиядағы өкпенің таралған аурулары (J45 басқа J40-J99 )

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Б

Б

Б

ДЕРБ

52

Бронх демікпесі (J45)

1) өтуі ауыр ұзақ сақталушы

Е

Е

Е

ЖЗ

2) өтуі орташа ұзақ сақталушы

Д

Д

Д

ЖЗ

3) өтуі жеңіл ұзақ сақталушы

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) өтуі үзік-үзік

Д

Д

Б

ДЕРБ

53

Қатты науқастанудан, созылмалы науқастан-удың асқынуынан, жарақаттанудан немесе хирургиялық емдегеннен кейін тыныс алу мүшелерінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

11.Ас қорыту мүшелерінің аурулары

54

Тістердің дамуы мен шығуының бұзылуы, тіс жегісі (К00-К02)

1) бір жақта 10 және одан көп тістің болмауы немесе оларды алынып-салынатын протезбен ауыстыру, бір жақта 8 азу тістің болмауы, бір жағынан жоғары жақта 4 азу тістің және екінші жағынан төменгі жақта 4 азу тістің болмауы немесе оларды алынып-салынатын протездермен ауыстыру

Д

Д

Б

ДЕРБ

2) бір жақта 4 және одан көп маңдай алды тістің болмауы немесе оларды алынып-салынатын протездермен алмастыру мүмкін болмаған кезде қатарынан екінші күрек тістің, ит тістің және бірінші кіші азу тістің болмауы

Б

Б

Б

ДЕРБ

3) көптеген асқынған тіс жегісі

Б

Б

А

ДЕРБ

55

Тістердің қатты тіндерінің, пульпаның және периапикальды тіндердің, қызыл иектердің және парадонттың, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің аурулары (К04-К06, К12-К13)

1) ауыр дәрежелі генерализденген парадонтит, пародонтоз

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

2) орта дәрежелі генерализденген пародонтит, пародонтоз, стоматиттер, гингивиттер, хейлиттер және емдеуге келмейтін ауыз қуысы шырышының, сілекей безінің және тілдің науқастанулары

Д

Д

Б

ДЕРБ

3) жеңіл дәрежелі генерализденген пародонтит, пародонтоз

Б

Б

А

ДЕРБ

56

Жақ-бет аномалиялары (туа біткен даму кемістіктерінен басқа), тістің және олардың тіреу аппаратының, жақтардың, сілекей бездерінің басқа да аурулары және өзгерістері (К07- К11,К14)

1) тыныс алу, иіс сезу, шайнау, сілекей бөлу, жұту және сөйлеу функциясының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) тыныс алу, иіс сезу, шайнау, сілекей бөлу, жұту және сөйлеу функциясының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) тыныс алу, иіс сезу, шайнау, сілекей бөлу, жұту және сөйлеу функциясының шамалы бұзылуымен немесе бұзылуынсыз

Б

Б

Б

ДЕРБ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

57

Өңештің, ішектердің (ұлтабардан басқа) және ішперде аурулары (К20-К23, К35-К38, К50-К52, К55-К63, К65-К67)

1) функциясының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функциясының орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функциясының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде қызметінің бұзылуынсыз

А

А

А

А

58

Асқазанның, ұлтабардың жара ауруы (К25-К28)

1) функциясының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен және сирек асқынулармен

Д

Д

Б

ДЕРБ

59

Асқазанның және ұлтабардың басқа да аурулары (жара ауруынан басқа), бауырдың, өт қабының, өт шығару жолдарының және ұйқы безінің аурулары, ас қорыту мүшелерінің басқа да аурулары (К29-К31, К70-К77, К80-К87, К90-К93)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ДЕРБ

4) объективті деректер болған кезде қызметінің бұзылуынсыз

Б

Б

А

А

60

Жарықтар (К40-К46)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

61

Қатты науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емдегеннен кейін ас қорыту мүшелерінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

12.Тері және теріасты өзегінің аурулары

62

Тері және теріасты өзегінің аурулары, оның ішінде туа біткен (L00 - L99, Q80 -Q82)

1) емделмейтін немесе қиын емделетін түрлері

Е

Е

Д

ЖЗ

2) емдеуге болатын кең таралған және (немесе) жиі қайталанушы түрлері

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) емдеуді талап етпейтін кең таралған және (немесе) шектеулі сирек қайталанушы түрлері

Д

Д

Б

ЖЗ

4) шектелген түрлері, сонымен қатар тұрақты ремиссия сатысындағы

Б

Б

А

ДЕРБ

63

Тері және теріасты өзегінің жіті науқастануына шалдыққаннан кейін,, созылмалы науқастанудың асқынуынан кейін функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу

Г

Г

Г

Г

13.Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің аурулары

64

Инфекциялық артропатиялар, қабыну текті полиартропатиялар, дәнекерлік тіннің жүйелі зақымданулары, шорбуынды спондилит (М00-М03, М05-М14, М30-М36, М45)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен, тұрақты және айқын көрінген өзгерістермен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен және сирек асқынулармен

Д

Д

Б

ЖЗ

65

Ірі буындардың артрозы және зақымданулары, бұлшықеттердің, синовиалық қабықтардың және сіңірлердің аурулары және зақымданулары, сүйек қалыңдығы мен құрылымының бұзылуы, остиепатиялар, хондропатиялар (М15-М19, М20-М25, М60-М63, М65-М68, М80-М85, М86-М90, М91-М94)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

66

Омыртқа аурулары және олардың салдары, туа біткен деформациялар мен даму кемістіктерінен басқа (М40-М43, М46-М49, М50-М54)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

67

Қол мен саусақтардың болмауы, деформациялары, кемістіктері (М20-М21.3, М21.5)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

68

Майтабан және табанның басқа да өзгерістері, оның ішінде туа біткен (М21.7 басқа М20-М21, Q66)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

А

69

Қызметтің бұзылуын тудыратын және (немесе) әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындататын аяқ-қолдың жүре пайда болған өзгерістері (М21.7 - М21.9)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

Б

ДЕРБ

70

Аяқ-қолдың болмауы (Z89):

1) кез келген деңгейде аяқ-қолдардың екіжақты ампутацияланған ұштары, экзартикуляциядан кейін аяқ-қолдардың барлық жоғарғы және төменгі ұштарының болмауы немесе йықтың, санның жоғарғы ұштен бір бөлігі деңгейінде

Е

Е

Е

ЖЗ

2) иықтың немесе санның жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейіне дейін аяқ-қолдың болмауы

Е

Е

Д

ЖЗ

3) білектің үштен бір бөлігі деңгейіне дейін қолдың болмауы

Е

Е

В

ЖЗ

14.Несеп-жыныс жүйесінің аурулары

71

Бүйректің гломерулярлы, тубулоинтерстициалды созылмалы аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі (N01-N08, N10, N11.8,N11.9,N12, N14-N16, N18-N19, N26)

1) функциясының кенет бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функциясының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функциясының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде қызметінің бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

72

Бітелген уропатия және рефлюкс-уропатия, пиелонефрит (қайталанған), несеп-тас ауруы, бүйректің, несепағардың және несеп жүйесінің басқа да аурулары (N11.0,N11.1,N13, N20-N23, N26 басқа N25-N29, N30-N39)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

А

ДЕРБ

73

Ерлердің жыныс мүшелерінің аурулары (N40-N51, N62)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ДЕРБ

4) объективті деректер болған кезде орташа клиникалық белгілермен

Б

Б

А

А

15.Әйелдердің жыныс жүйесінің аурулары

74

Әйелдердің жыныс мүшесінің созылмалы қабыну аурулары (N70-N77)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

75

Эндометриоз (N80)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Б

Б

Б

ЖЗ

76

Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабынбай- тын аурулары (N60, N81-N90, N99)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

77

Анабездік-етеккір функциясының бұзылуы (N91-N95)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Б

Б

Б

ЖЗ

78

Қатты науқастанудан немесе созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емдегеннен кейін несеп-жыныс жүйесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

16.Жүктілік, бала туу және бала туудан кейінгі кезең

79

Жүктілік, бала туу және бала туудан кейінгі кезең (O00-O99)

Г

Г

Г

ЖЗ

17.Туа біткен кемістіктер (даму кемістігі), өзгерістер мен хромосомды бұзылулар

80

Туа біткен аномалиялар (даму кемістіктері), пішінсізденулер және хромосомалық бұзылулар (Q00-Q99)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Е

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

Д

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

Б

ДЕРБ

18.Жарақаттардың, уланулардың және басқа да сыртқы факторлардың салдары

81

ОНЖ-ның органикалық зақымдалу белгілерінсіз бас сүйегінің жарақаттан және отадан кейінгі бұзылулары (мүкістер) (S02.0, S02.1, Т90,2)

1) бас сүйегі қуысында бөтен зат, бас сүйегінің елеулі мүкісі бар болумен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) бас сүйегінің орташа мүкісімен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) бас сүйегінің кішкентай мүкісімен

Д

Д

Б

ЖЗ

82

Омыртқаның, дене сүйектерінің, аяқ-қолдың сынулары және олардың салдарлары (S12, S22, S32, S42, S52, S72, S82, Т91.1, Т91.2, Т92.1, Т93.1, Т93.2)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

Б

ДЕРБ

83

Кеуденің, ішперде қуысының және жамбастың ішкі мүшелерінің жарақаттары (S26, S27, S36, S37, Т91.4, Т91.5)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

4) объективті деректер болған кезде функциясының бұзылуынсыз

Б

Б

Б

ДЕРБ

84

Тері және теріасты өзегі жарақаттарының салдары (Т95)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ДЕРБ

85

Дәрілік заттармен, дәрі-дәрмекпен және биологиялық заттармен улану, медициналық емес мақсаттағы заттардың уытты әсері, сыртқы себептердің әсері (Т96, Т97, Т98)

1) функцияларының елеулі бұзылуымен

Е

Е

Д

ЖЗ

2) функцияларының орташа бұзылуымен

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

3) функцияларының шамалы бұзылуымен

Д

Д

Б

ДЕРБ

86

Аурулардан, жараланулардан, жарақаттанулардан, уланулардан және сыртқы факторлардың басқа да әсер етуінен соң емделгеннен кейін сүйек-бұлшықет жүйесінің, дәнекерлік тіннің, тері және теріасты өзегінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы

Г

Г

Г

Г

19.Басқа да аурулар

87

Дененің жеткіліксіз дамуы:

1) дене салмағы 45 кг аз, бойы 155 см төмен

Д

Д

В

ЖЗ

2) дәл осы, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген кезде немесе әскери қызметке шақырған кезде алғаш анықталғанда

Г

Г

-

-

88

Энурез (N39.3, N39.4, F98.0, R32).

Д

Д

В-ДЕРБ

ЖЗ

89

Сөйлеудің бұзылуы ( F98.5, R47- R49)

1) жоғары сатылы кекештену (тұтығу); әңгімені жартылай түсінікті ететін сөйлеудің басқа да бұзылулары

Д

Д

В

ЖЗ

2) әңгімесі жеткіліксіз түсінікті ететін орташа кекештену (тұтығу) және сөйлеудің басқа да бұзылулары

Д

Д

Б

ДЕРБ

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами