Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/116 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2184 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2012 жылдың 29 желтоқсандағы № 218 - 219 - 220 санында жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 98 119 074 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер бойынша - 48 544 409 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 796 583 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12 977 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 47 765 105 мың теңге;
2) шығындар - 94 757 137 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 6 631 987 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 892 765 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 260 778 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 790 150 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 790 150 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 060 200 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 060 200 мың теңге.
2 - тармақта:
1) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «100» саны «92,7» санымен ауыстырылсын;
«Маңғыстау ауданына» «12,4» саны «0» санымен ауыстырылсын;
«Түпқараған ауданына» «35,8» саны «18,6» санымен ауыстырылсын;
«Мұнайлы ауданына» «100» саны «87,9» санымен ауыстырылсын;
«Ақтау қаласына» «13,8» саны «12» санымен ауыстырылсын;
«Жаңаөзен қаласына» «40,2» саны «37,8» санымен ауыстырылсын.
2) тармақшада:
«Маңғыстау ауданына» «100» саны «0» санымен ауыстырылсын.
3) тармақшада: