«Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 71 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 175-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартында:
6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6.1 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын игеруге ниет етуші тұлғаларға қажет бастапқы білім деңгейі - жоғары медициналық (мейіргер) немесе «Емдеу ісі». «Акушерия ісі» мамандығы бойынша орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі, сонымен бірге «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-лаборант», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитарлық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша бастапқы білім деңгейі және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 10 жыл жұмыс өтілі бар мамандар үшін»;
7.3-тармақтың 1) тармақшасындағы «540/10,» деген сандардан кейін «648/12» деген сандармен толықтырылсын;
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша қайта даярлау циклдарының үлгілік оқу жоспары деген 1-кесте осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;