«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 230 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы және 5-1-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 230 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті.