Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.22.08 № 1068 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 22 тамыздағы

№ 1068 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 7-қабат, № 730-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 14-13-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі - аттестат) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күнінен бастап - он бес жұмыс күнінен аспайтын;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - отыз минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - он бес минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами