Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 4/1097 қаулысымен бекітілді
Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (мемлекеттік органдарды қоспағанда), жеке сипаттағы және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтінішімен (мемлекеттік органдарды қоспағанда) жүзеге асырылатын қызметтерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және басқа да жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметтері;
2) мемлекеттік қызметті алушылар - күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілер;
3) уәкілетті орган - білім беру саласындағы атқарушы орган;
4) аз қамтылған отбасылар - жиынтық айлық табысы отбасының бір адамына есептегенде соңғы 12 айда заңнамамен белгіленген күнкөріс минимумынан төмен болған отбасы.
2. Жалпы ережелер
2. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Алматы қаласы Білім басқармасының білім беру ұйымдары арқылы көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.