Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.30.03 № 384 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

384 қаулысымен

бекітілген

 

 

Патронаттық тәрбие туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген.

2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға (бұдан әрі - бала (балалар)) белгіленеді.

3. Патронат тәрбиеші - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - орган) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы (балаларды), оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы (балаларды) тәрбиелеуге берген адам.

4. Жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқоршылығында) болмаған бала (балалар) патронаттық тәрбиеге беріледі.

5. Патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге берілетін балалардың жалпы саны бір отбасының балаларына байланысты жағдайларды қоспағанда, үш баладан аспайды.

6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін баланың (балалардың) мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!