Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 89 бұйрығы
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережелері бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің
Төрағасы
А. Байменов
2013 жылғы 29 тамыз
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 89 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер