Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметке ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 12 бұйрығы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметке ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық саласына байланысты кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы | С. Мусинов |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013.22.05. № 303 бұйрығымен 7-қосымша жаңа редакцияда
Қағидаға
7-қосымша