Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 5 марта 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 сентября 2015

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 5 наурыздағы

№ 180 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами