Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысы
(2026.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 93 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 1 шілдеден, 2026 ж. 12 шілдеден, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 202 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.12.12. № 110 Қаулысымен (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.08. № 43 Қаулысымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.15.05. № 93 Қаулысымен (2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 202 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының