«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 189/НҚ бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары С. Жұманғаринге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму Министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 189/НҚ бұйрығына қосымша
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілерін оқыту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ереже
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (әрі қарай - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалдары (әрі қарай - Көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырындағы № 434 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (әрі қарай - Стандарт) негізінде көрсетеді.