Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV Шешімі
(2013.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Исабаев |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
КЕЛІСІЛДІ
«Астана қаласының Сәулет
және қала құрылысы басқармасы ММ
(СжҚҚБ) бастығы»
С. Жүнісов
«Астана қаласының Құрылыс
басқармасы» ММ (ҚБ) бастығы
В. Лютов
Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 432/58-IV шешіміне
1 қосымша
Астана қаласының аумағында құрылыс салу
қағидасы
Астана қаласы мәслихатының 2012.25.09. № 69/9-V шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)