Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 60 қаулысымен
бекітілді
Осы редакция 2014 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру осы регламенттің 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну немемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталу негізі - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мыналарды ұсыну болып табылады:
субсидиялауға жататын іс жүзіндегі көлемдерге:
құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынып, осы регламенттің 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтінімдер;
мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар;
банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама;
Республикалық асыл тұқымдық орталыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымдық зауытқа, етті құс өсіру бойынша асыл тұқымдық репродукторға 10 желтоқсаннан кешіктірмей шығындарын толық өтеу үшін:
1) республикалық асыл тұқымдық орталық: