Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1318 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1491 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 5-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1318 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
құрамы
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
Балықбаев Такир Оспанұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Кәрібжанова Роза Самидоллақызы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы |
«Театр және кино, әдебиет, журналистика» секциясы |
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - | депутат, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, секция жетекшісі (келісім бойынша) |
Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы | - | Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры |